• Дата публикации: 19/06/2019 - 18:33
    Аллергологиялық орталық ашылды
    Мазмұны:

    ҚР ДСМ 2017 жылғы 26 маусымдағы №446 «Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетудің стандарттарын ұйымдастыру» туралы бұйрығына сәйкес, облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында  аллергологиялық орталық ашылды.

    Орталықта:

    - созылмалы және өткір аллергиялық науқастарға мамандандырылған көмек көрсетіледі; 

    -  түпкілікті немесе болжамды диагноздар қою; 

    - клиникалық хаттамаларға сәйкес аллергиялық белгілері бар науқастарды емдеу тәсілдерін анықтау, диагностика жасау, сауықтыру шараларын шешу жолдарын қарастыру;  

    -  аллергиялық ауруды тудырудың жолдарын анықтау,(теріден, түрлі жұғындылар арқылы);   

    - науқастарға арнайы түрдедәрілік және дәріден тыс терпапия жасау;    

    - «Астма мектебі» және «Аллергия мектебінде» науқастарды заманауи  емдеу тәсілдерін қарастыру, бронхиалды астмамен ауыратын науқастарға бақылау жасау, қатерін анықтау. 

    Орталықта аллерголог, пульмонолог, офтальмолог, дерматолог және отоларинголог дәрігерлері топтастырылған.

    Аллергологиялық орталық тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде науқастарды емхана жолдамасымен қабылдайды.    

  • Дата публикации: 14/06/2019 - 19:00
    Үздік дәрігерлер баспана сертификатына ие болды
    Мазмұны:

    Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында өңірдің үздік 5 дәрігеріне тұрғын үй алуға сертификат табыстады. Тұрғын үйдің бастапқы жарнасы  1 млн. және 500 мың теңге сомасындағы сертификаттар берілді.

    Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтың медицина саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

    "Денсаулық сақтау саласының қаржысы бір жылдың өзінде облыс әкімінің қолдауымен 7,2%, соның ішінде материалдық-техникалық базасын арттыруға бөлінген қаржы 20,2% өсті.  Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жабдықтау 2018-2019 жылдардың өзінде 34,9% өсіп, қамту 79,26% құрап отыр", - деп атап өтті Руслан Рүстемұлы.

    Облыстың үздік дәрігерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгілерімен марапатталды.

    Айта кетейік, соңғы 2 жылда 25 медициналық нысан пайдалануға берілді, 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Мәселен, Арал, Қазалы аудандық ауруханалары жаңадан салынды. Бүгінгі күні Шиелі, Жалағаш аудандық орталық ауруханасы салынып жатыр. 2016 жылы Байқоңыр қаласында облыстық медицина орталығының филиалы ашылды. Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының және Байқоңыр қаласының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында тері коронарлық араласу орталығы  іске қосылуға дайын.

    Ағымдағы жылы облыс тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қаржыландыру 2 есеге артты, 8 сирек нозология бойынша 80 пациентті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қаражат қарастырылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қызылордалықтардың өмір сүру ұзақтығы 1,6 жылға артып, өлім-жітім көрсеткіші 5,8 пайызға төмендеді.

    Сырбойылық  дәрігерлер Ресейде, Кореяда және Еуропа елдерінде біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

  • Дата публикации: 14/05/2019 - 14:16
    Денсаулық министрі Е.А.Біртанов бірқатар емдеу нысандарын аралады
    Мазмұны:

    Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары кезінде, үкімет мүшелері құрамында келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов,  Қызылорда қаласындағы көпбейінді облыстық аурухананың қабылдау бөлімінің жұмысымен танысты. 

    Қабылдау бөлімінің ұйымдастыру, науқастарды триаж жүйесінде сұрыптау шараларын көрді.  ҚР ДСМ –нің  №450 бұйрығына сәйкес, қабылдау бөлімі халықаралық «Triage» жүйесіне көшірліген болатын. Ол дегеніміз -  науқасты бір ғана қабылдау бөлімінде, травматолог, хирург, терапевт, гинеколог, тіпті нейрохирурги дәрігерлерінің біріккен ұжымдық қарауларын біріктіру жүйесі.

    Содан соң министр, эндоваскулярлы ота жасау бөлімінде болып,  жақында ғана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде алынған жаңа  ангиограф қондырғысының мүмкіндігін саралады.

    Әрі қарай, облыстық онкология орталығының паллиативті көмек бөлімін аралап, орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуы, мамандармен қамтылуы және олардың жүктемелерімен танысты.    

    Соңында, Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтеретін 300 төсекке арналған онкологиялық орталығы бар көпбейінді қалалық аурухананың жобасы көрсетіліп, талқылау жасалды. Жобаға министр тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылып, болашақта құрылысқа қолдау білдіретіндігі жөнінде айтылды. 

     

  • Дата публикации: 30/04/2019 - 17:40
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    Мазмұны:

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Амбулаториялық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК   бас есепшісі М.С.  сотқа дейінгі тергеп тексерудің нәтижесімен  енгізілген ұсынудың қарау нәтижелерін талқылау жөнінде кездесу өткізілді.

    Талқылауға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Тіленов Ермек Күмісбекұлы, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Изкенов Бағдат Оразбекұлы, сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, қалалық және аудандық бас дәрігерлер мен бас есепшілер қатысты.

    Тіленов Ермек,   Изкенов Бағдат орын алған заң бұзушылықтар бойынша, ал, қылмыстық іс бойынша заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Такиров Алмас  қысқаша атап өтті.

    Кездесу соңында, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Б.Бурамбаева ведомстволық бағынысты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды және мемлекеттік қызметшілерге сын келтіретін, беделін түсіретін әрекеттерді болдырмауға бағытталған қосымша профилактикалық шаралар қабылдауды, сонымен қатар оның іске асырылуын және қатаң бақылауға алу қажеттігілігі жөнінде медициналық ұйымдардың басшыларына тапсырмалар берді.

  • Дата публикации: 23/04/2019 - 18:01
    «Медицина жанымызда!»  акциясы
    Мазмұны:

    Ағымдағы жылдың 23 сәуір – 6 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Медицина жанымызда!» ұранымен акция өткізілуде.

    Акция аясында медицина қызметкерлерімен шалғай ауылдар мен елді мекендердің тұрғындарына медициналық және консультативті көмектер көрсету үшін дәрігерлік бригадалар шығады. 

    Сондай-ақ, тұрғындар әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізілуі туралы, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қандай көмектер көрсетілетіні, ауылда медициналық көмекті алуға қандай мүмкіндіктер бар екендігі туралы ақпараттандырылатын болады.

    Денсаулық акциясы 23 сәуір күні Сырдария ауданынан бастау алады. Сырдария ауданына қарасты 13 ауылдық округте тұратын 26402 халыққа 3 ФАП, 1 медициналық пункт, 9 дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді.

    Ауылдық округтердегі медицина ұйымдарында 14 дәрігер, 6 фельдшер, 12 акушер, 65 медбике қызмет жасайды. 

    Акция аясында медициналық бригада құрамында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, сондай-ақ, педиатр, терапевт, хирург, невропатолог, кардиолог, эндокринолог, стоматолог бейінді дәрігерлер тұрғындарға қабылдау жүргізеді.

    Дәрігерлік тексеру барысында тұрғындардың қан қысымын өлшеу, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтау, флюрогорафиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиограммалық тексеру құрал-жабдықтары арқылы тексерулері  жүргізіліп, науқастардың шағымдары жан-жақты зерттелеліп, зерделенетін болады.

    Сонымен қатар, медициналық сақтандыру саласының мамандары халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    Сырдария ауданы облыс орталығына жақын орналасқан аудан болғанымен, ауданға қарасты 13 ауылдық округтің алтауы Сырдария өзенінің арғы бетіне орналасқан. Бұл өз кезегінде тұрғындардың аудандық емханаға дер кезінде қаралуына кедергі келтіреді. Сондай-ақ, ауылдық амбулаторияларда жоғары білімді дәрігерлердің жетіспеушілі бар.

    Акция барысында тұрғындарға сапалы медициналық қызметтер көрсетумен қатар, ауылдардағы медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмектер көрсетілетін болады.

     

  • Дата публикации: 16/04/2019 - 15:53
    Кезектен тыс президент сайлауына қолдау білдіру Акциясы
    Мазмұны:

     Медицина қызметкерлері және «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, Кезектен тыс президент сайлауына қолдау білдіру Акциясы өткізілді.

    Акцияға 300 жуық медицина қызметкерлері қатысып, азаматтық көзқарастарын білдірді. Шарада облыстық маслихат депутаты,  облыстық көп бейінді аурухана бас дәрігері  Н.Әмитов сөз сөйлеп, еліміздегі саяси оқиғаға байланысты және Тұңғыш Президентіміз, Елбасы еңбегі туралы тоқталды.

    Спикер өз сөзінде, « Ғасырлық өлшеммен қарағанда аз ғана уақытқа баланатын  28 жыл ішінде, Елбасының басшылығымен елімізді әлемнің танығандығын білеміз.

      Ол ең бірінші, Семей ядролық полигонын жапты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын,  аймақтық-Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын, Азия аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйым,  Еуразиялық Экононмикалық Одақ,   ТҮРКСОЙ ұйымын құруға күш салса, Сирияны апат алдына әкелген азамат соғысын  тоқтатуда Астана қаласын диалогтар жүргізу алаңы ретінде ұсынды.   Бұл  тарихта «Астана процесі» деген атауға ие болды.

      Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ОБСЕ) төрағалыққа қол жеткізілсе,   Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына абыроймен төрағалық етті. 

    Әлем елдерінің көбін толғандыратын мәселенің бірі-жиі қайталанатын әлемдік экономикалық және қаржы дағдарыстары. Елбасы осындай қиындықтарды жеңу және алдын алу үшін Астанада 2013 жылы 114 елдің өкілдері қатысқан Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция шақырып, танымал саясаткерлер мен ғалымдарды, сарапшыларды осы мәселені талқылауға, оны еңсерудің тиімді жолдарын табу жолында пікір алысуға ұйыстырды» -деп атап өтті.

     Және, біздің дәрігерлеріміздің әлемнің қай елімен болса да тәжірибе алмасуына мүмкіндігі бар.

     Мысалы; соңғы екі жыл ішінде, облыста мамандар білімін көтеруге бөлінетін қаржы 1,8 есеге өсті;

    - облыс әкімі гранты негізінде 47 резидент, 30 студент оқып жатыр;

    - 399 жас маман келіп, оның49%елді мекендерге жолданды;

    - дәрігерлердің орташа жалақысы 18 пайызға көтерілді;

    - қолданыстағы заңнамаларға сәйкес дәрігерлер әрбір 5 жыл сайын білімдерін көтеруге міндетті десек, жоспар 2,4 есеге артығымен орындалды.          

    Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, оның ішінде олардың шеберліктерін жақын және алыс шетелде шыңдауға зор көңіл бөлінуде. 2018 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Корея мемлекетінде 7 маман біліктіліктерін арттырса, Қазан қаласында (Татарстан Республикасы, Ресей)  22  маман  білімдерін көтерді»- деп, сала жетістіктерін де атады.

     Акция соңында, сала ардагерлері мен жас буын өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.

  • Дата публикации: 09/04/2019 - 18:06
    Мемлекеттік қызметтер электронды түрде
    Мазмұны:

     Облыстың денсаулық сақтау саласында барлығы 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олардың ішінде 7 мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық түрде, 10 қызмет ақпараттық жүйе арқылы көрсетіледі.

    «Дамумед» мобильді қосымша арқылы 2 қызмет жүзеге асырылады (Дәрігерді үйге шақыру, Дәрігердің қабылдауына жазылу). Бүгінгі таңда, «Дамумед» қосымшасына 170 538 тұрғын тіркеліп, облыстағы интернет белсенді тұрғынға шаққанда 45% құрайды.

    2019 жылдың 1 тоқсан бойынша барлығы – 461250  қызмет көрсетілсе, оның ішінде жалпы электронды түрінде – 157499 сұраныс болған.

    Ағымдағы жылдың қаңтар айында көрсетілетін мемлекеттік  қызметтерге мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде, бүгінгі таңда облыстың барлық емханалары мен ауруханаларында берілетін еңбекке жарамсыздық парағы мен 083у, № 086/е, 095 формадағы анықтамалары QR-кодымен берілуде. Анықтамалардың шынайлығын «Дамумед» мобильді қосымша арқылы тексеруге болады.

    Алдағы уақытта, басқа да берілетін медициналық құжаттардың беру процестерін КМИС ақпараттық жүйесіне енгізіп, QR-кодымен жабдықтау жоспарлануда.

    Облыстың барлық медициналық ұйымдарында қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін, сондай, ақ денсаулық сақтау саласы бойынша нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын түсіндіретін арнайы мамандармен жасақталған.

     

  • Дата публикации: 09/04/2019 - 16:21
    Денсаулық вице -министрі Қызылордада
    Мазмұны:

    Қызылорда  облысына Үкімет делелегациясымен бірге,  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаева жұмыс сапарымен келді. Вице –министр «Достық» үйінде облыс тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

    Кездесуге көп балалы «Батыр аналар», «Алтын», «Күміс» алқа иелері, үкіметтік емес ұйымдар, әйелдер кеңесінің төрайымдары, маслихат депуттаттары, денсаулық, білім, әлеуметтік сала мамандары қатысуда.

    Кездесу барысында вице –министр Л.М.Ақтаева денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыстардың жүргізілуі жөнінде атап өтті. Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап анағұрлым сұранысқа ие мамандарға жалақысы ұлғайтылатын болады. Нәтижесінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша 29 мыңнан аса  дәрігер жалақысы ұлғайтылатын болады

    «Яғни, дәрігерлердің орташа айлығы 140 мың теңгеге дейін көтеріледі» – деп атап өтті.

    Сонымен бірге, вице –министр өз сөзінде, «өзге аймақтар Қызылорда облысынан үйренуі керек. Бұл облыста елді мекендерге жету үшін жол мәселесі шешілген, медициналық ғимарттарының басым көпшілігі жаңадан салынған, медициналық көмекті дер кезінде көрсетуге жағдай жасалған»  - деп, атап өтті.

  • Дата публикации: 08/04/2019 - 19:25
    «Денсаулық күніне» арналды
    Мазмұны:

    «Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай,  көп бейінді облыстық ауруханасының кеңес беру-диагностика бөлімшесінде «Ашық есік күні» өткізілді. Шараға облыстық филармонияның «Тұрмағамбет» атындағы халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен ұлттық шығармалар ойналып,  орталық қызметкерлердің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.

    «Ашық есік» күні аясында, 153 тұрғын медициналық тексеруден өтіп, 113зертханалық талдау жасалды.

  • Дата публикации: 29/03/2019 - 17:51
    Жастар форумында 4 дәрігеріміз 500 000 сыйақымен марапатталды
    Мазмұны:

    Бүгін  "Мәңгілік ел - Салауатты ұрпақ"атты жастар форумының қортындылау салтанаты өтті.     

    Форумда облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы және "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп,  бірнеше білікті жас дәрігер мамандарды марапаттады.

    Атап айтар болсақ, Қазақстан республикасының кәсіподақтар федерациясының "Құрмет грамотасымен", Қызылорда облысы әкімінің,    Тараз қаласы әкімінің,  Тараз қалалық Мәслихатының "Алғыс хаттарымен",  Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының "Құрмет грамотасымен", "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің "Құрмет Грамотасымен" әр өңірдің білікті жас дәрігерлері марапатталды.

    Форумда облысымыздың 4 дәрігері 500 000 ақшалай сыйақымен марапатталды. Олар, Қазалы ауданы «Өркендеу» дәрігерлік  амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Мәлік Жаңагүл Мәлікқызы,     Жалағаш ауданы «Аққыр» дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Бусариева Мәншүк Назарбекқызы,  Байқоңыр қаласындағы медицина орталығының  офтальмолог дәрігері Полатова Жанна Асанханқызы    және көп бейінді облыстық ауруханасының Байқоңыр қаласындағы филиалының резидент неврологы Каленов Асылхан Ақылбекұлы .   

    Форум соңында, өзге аймақтардан келген  медицина жастары әрі қарайда ынтымақтастықты арттыра беретіндіктерін жеткізді.

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика