Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Новость:: 

 Өңірілік іс-шарар бекітілді

  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы  аясында,  денсаулық сақтау саласының облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, онда 203 іс-шараны орындап,       тұрғындар денсаулығының      28 индикаторына   қол жеткізу керек. 

Тұрғындардың өмірге келгенде күтілетін өмір сүру ұзақтығы бағдарламаның негізгі индикаторлық көрсеткіші ретінде бекітілді. Қызылорда облысы бойынша бұл көрсеткіш 2016 жылдың қорытындысымен 71,91 жасқа жетуі тиіс, республикалық индикатор бойынша 71,8.

Денсаулық сақтау нысандары бой көтеруде

Денсаулық сақтау саласында соңғы үш жыл ішінде республикалық және  облыстық бюджет есебінен жалпы құны 13456,5 млн. теңгені құрайтын, 36 нысан пайдалануға берілді (Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталық, 4 аудандық емхана, 2 ауылдық емхана, 25 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушериялық пункт).

2016 жылы республикалық бюджет есебінен 14 нысанның  құрылысы (13 нысан 2016 жылы берілу керек)  жүргізілуіне қаржы бөлініп,  оның ішінде  Қызылорда қаласында 200 төсектік облыстық балалар ауруханасы, Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға берілді. Қалған 11  нысанды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда, атап айтқанда  250 келушіге арналған Жаңақорған аудандық емханасы және  10 дәрігерлік амбулатория .

Қазалы аудандық орталық аурухана құрылысын бастауға - 200 млн. теңге бөлінді.

Тегін  дәрі-дәрмектерге қол жетімділік артты

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 2016 жылы амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін қамтамасыз ету үшін  дәрі дәрмектерге  жергілікті бюджеттен 1,484 млрд.теңге, сондай-ақ республиалық бюджеттен 1,644 млрд. теңге бөлінді.

Тізбеге сәйкес, жергілікті бюджет қаражатымен сатып алынатын дәрі дәрмектермен 35 науқас түрін емдеуге 260 дәрілік препараттар және республикалық бюджет қаражаты есебінен 13 науқас түрін емдеуге-185, яғни 500-ге жуық дәрілік препараттар диспансерлік есептегі науқастарға тегін түрде берілуде.

Облыстың демографиялық ахуалы  

             Ағымдағы жылдың 11 айында 17094  нәресте  дүниеге келіпі,  өткен  жылмен салыстырғанда (17610), 516 балаға азайды. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 22,3-тен (2015 ж) 21,4-ке (2016ж)  дейін  төмендеді.

        Жалпы өлім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 2,2% ға азайып,  4,4 құрады. Туу көрсеткішінің төмендеуіне және жалпы өлім көрсеткішінің  тұрақтануына байланысты 1000 адамға шаққандағы табиғи өсімнің 17,9-дан (2015ж)  17,0-ге (2016ж) дейін төмендегені байқалады. 

Денсаулық сақтау саласындағы «Жол картасы» аясында

        Өлім - жітім себебінің құрылымына сараптама жасасақ, бірінші орында  қанайналым жүйесінің аурулары 19,2%, екінші орында тыныс жүйесі аурулары 16,1%, үшіншіт орында қатерлі ісіктер - 13%.           

          Жалпы өлім-жітімнің себептерінің 52% құрайтын аурулардың  5 негізгі нозологиясы бойынша (жіті миокард инфаркты;ми қан айналымының жіті бұзылысы (инсульт); қатерлі ісіктер;  жарақаттар; жүкті әйелдер мен перинаталдық кезеңнің патологиялары) Жол карталары әзірленіп, профильді ғылыми орталықтармен  келісіліп,  әкімдікпен бекітілді.

    Осы жол карталарын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге шамасында қаржы бөлінді (1,8 млрд).

 1 деңгейдегі БМСК  (емханаларда) ұйымдарында барлық 5 бағыт бойынша 89 мамандандырылған кабинеттері ашылды.

2 деңгейде көмек көрсетуде ауыр экстргенитальді аурулармен босанғандар мен жарақаттанғандарға, инсульт алған науқастарға оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында реабилитациялық және қайта қалпына келтіру бөлімшелері ашылып, барлық аудандық ауруханаларда ауданаралық травматологиялық бөлімшелерді медициналық құрал жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Осы жылдың басынан бастап, қатерлі ісікке шалдыққан ауыр науқастардың өмірін ұзарту, күтуге бағытталған паллиативтік көмек көрсету үшін онкология орталығында 30 төсекке паллиативтік бөлімше ашылып  (хоспис) және аудандық ауруханаларда арнайы 35 төсек–орын бөлінді. 

Мамандар даярлауда 3 жылдық дамыту жоспары бекітілді

   Өңіріміздегі кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында «Жоғары медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспары» бекітілді. Кадрларды оқыту,  қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін 60 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы облыс үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің гранты бөлінді.

 Қайта даярлау курсынан 135 қажетті мамандар қайта оқытылды. Бұл осы жылы, неанотолог, травматолог, онколог мамандары сияқты өте қажетті мамандардың тапшылығын жапты. Кадрлық резерв құру үшін 15 денсаулық сақтаудың менеджері Польша елінде оқытылды. Жыл көлемінде барлық дәрігерлердің 59,4% білімдерін жетілдірді(1363). Осы жылы 81 жас маман облыстың денсаулық сақтау саласына тартылып, оның  60% БМСК ұйымдарына жіберіліп, қазіргі таңда БМСК ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткішін 95% дейін көтеруге қол жеткізілді.

Медициналық қызметтің сапасы әр тұрғын үшін

Жылдың басында медициналық ұйымдар тарапынан халық санағы бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде медициналық ұйымдарға тіркелген азаматтар саны 25760 адамға көбейді. Осыған байланысты, скринингтік тексеруден өтетін адам саны 10 мыңға көбейіп,  257869 құрады.

10 айдың қорытындысы бойынша скрининг-тексеруден өтуге жоспарланған халықтың 96,8% тексерумен қамтылып, анықталған аурулар саны 7% өсті. Жүрек – қан тамыры жүйесінен анықталған аурулар 6,5%, глаукомамен анықталған аурулар 2 есеге,  2742 науқаста ісік алды аурулары анықталып, қатерлі ісік ауруының  анықталуы 3,4 есеге өскен.  Қатерлі ісік ауруының ішінде 1 сатыда анықталғандар былтырғы жылмен салыстырғанда 7%-дан 19% дейін жоғарылаған.  Диспансерлік есепке аныфқталған аулардың  96% алынды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттарын қымбат тұратын диагностикалық зерттеулеріне қолжетімділігіне арттыру мақсатында  2016 жылы бірінші рет МРТ зерттеулеріне мемлекеттік сұраныс жеке секторға орналастырылды. Нәтижесінде БМСК ұйымдарының жолдамасымен тегін МРТ зертеуімен 836 пациент қамтылды.

379 аймақтан тұратын БМСК ұйымдарының жылдың басында аймақтық дәрігерлермен қамтылуы 87% құрады (328).  Ағымдағы жылы 32 жас маман БМСК ұйымдарына жіберіліп, кадрмен қамтылуы 95%-ға  жеткізілді.

Аймақтық дәрігерлердің жүктемесін 2200-ден тұрғыннан 1800-ге дейін азайтып,  2017 жылдың қаңтар айынан бастап жаңадан  34 жалпы дәрігерлік аймақ ашу жоспарлануда. 

Тұрғындар үшін жаңашыл қызметтер ашылды

Облыстың барлық медицина ұйымдарында пациенттерді қолдау қызметі құрылды. Халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату мен кезекті төмендету мақсатында БМСК ұйымдарында тіркеу бөлімінің жұмысы оңтайландырылды. Осымен қоса, емханалардағы кезекті азайту үшін пациенттерге әркез көмекке келуге дайын тұратын администраторлар тағайындалды,  ірі емханаларда пациенттер көп жиналатын жерлерге бейнебақылау камералары қойылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында алғаш рет Emdeu.kz бірыңғай информациялық платформасы құрылып, Сall-центр қызметі кеңейтілді Бұл жүйе интернет, телефонды қолданып қажет дәрігерге жазылуға немесе үйден шықпай дәрігерді шақыруға мүмкіндік берді.

Транспорттық медицинаның тиімділігі  дәлелденді

Елді-мекендердегі жергілікті тұрғындарға мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында транспортық медицина жұмысы ұйымдастырылды.

2016 жылдың 10 айында 125  елді мекендерге жылжымалы медициналық кешендер шығып,  30678 халық қаралып, оның скринингпен қамтылғаны 51,7%. Нәтижесінде 6894 науқас анықталып, 5145 сауықтырылды.

2016 жылдың 10 айында санитарлық авиацияға шақыртулар саны 27,5% жоғарылап, 708 жағдайды құрады (2015ж -513), оның ішінде 244 34,6%) тасымалданды, 250 (35,3%) - кеңес алды, 154 (21,7%) - ота жасалынды.           

Жоғары медиицналық көмектің көлемі ұлғайды

Облыс деңгейінде көрсетілудегі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің ауқымының кеңеуіне орай, республикалық бюджеттен шамамен қосымша 1,5 млрд теңге бөлініп,   нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 20%,  нейрохирургиялық операциялар саны 27%,  эндопротездеу саны 2 есеге дейін өсті(2015 г -27, 2016 г - 54).

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап облыста  офтальмохирургиялық орталық ашылды. Жергілікті бюджеттен 90 млн. теңгеге жоғары диагностикалық құрал – жабдықтар сатып алынып, өткен жылмен салыстырғанда жасалған ота санының 2 есе өсуіне септігін тигізді. Облыста офтальмологиялық орталықта алғаш рет глаукомалық кабинет ашылып, 2000 астам  науқас глаукомамен есепке алынып, сауықтырылды. 

Байқоныр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы - қазақстандық медициналық ұйым ашылды.

Қан айналымы ауруларын ерте сатысында анықтау  жолға қойылды

ЕмханалардақҚан айналым жүйесінің ауруларын ерте сатысында  анықтау мақсатында жүргізіліп жатқан скрининг нәтижесінде 5929 ауру  анықталып, оның 5778 - 97,4% диспансерлік есепке алынды. Нәтижесінде қан айналым жүйесі бойынша аурушандық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2016 жылдың 10 айында 2257,8 құрап,  2015 жылдың 10 айымен салыстырғанда 15,6% өскен (2015ж -1953,7).

  Бұл үшін,  инсульт пен   инфаркті кезінде медициналық көмек көрсету мақсатында 1000 аса медицина қызметкерлері оқытылып, облыстық бюджеттен (140 млн тенге) кардиостандарттар сатып алынды. 

Облыс бойынша   қауіп  тобына (қан қысымы, қант деңгейі жоғары, холестерині бар, семіздікке шалдыққан) 22397 адам анықталып, оларды бірінші кезекте,  холтерлік мониторлау ЭКГ,  тредмил тест және УДДГ зертеулеріне жіберілуде. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 287 науқас жоспарлы түрде коронографияға жіберілді,   оның 18% на стенттеу жүргізілді.

  2016 жылдың 10 айында УДДГ (ультрадыбыстық доплерография)  зерттеуімен 761 адам қамтылып, 81 стеноз анықталып, 42 науқасқа    ота жасалған.    2000 астам жүрек пен  бас миының тамырларына ота жасалынып, былтырғы жылмен салыстырғанда  ота жасау 15% өскен.

Осы ауруларға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыруда «алтын сағат» уақытын сақтау өте маңызды. Осыған байланысты,     Қазалы теміржол ауруханасының базасында, 15 төсек орынға нейрореабилитациялық бөлімі бар ауданаралық II деңгейлі инсульттық орталық ашылды. Бұл орталық Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоныр қаласының тұрғындарына қызмет көрсетеді.   Ал, №3 қалалық емхананың базасында инсультпен ауырған науқастарға кеш оңалтуды жүргізу мақсатында нейрореабилитациялық орталық ашылды.

 Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қан айналым жүйесінен өлім – жітім көрсеткіші 11,3% төмендеп, 85,1 құрады (2015 ж -95,9 ).

Онкологиялық ауруларға көрсетілетін көмек аясы кеңейді

Емханаларда қатерлі ісік ауруларына көмек көрсетуді жетілдіру бойынша 1 деңгейдегі (32 мамандандырылған кабинеттер ашылды) профилактикалық кабинеттермен жабдықтау 45,8%-дан 87,5%-ға жоғарылады.

Жол картасы аясында жергілікті бюджеттен 200 млн. теңгеге                   28 дана медициналық құрал жабдықтар алынды.

 Жыл басынан  жоспарланған 70 маманның 90% оқытылды. Оның ішінде 14 маммолог, 8 онколог қайта даярлаудан өтсе, 40 маман проктологиялық және қарау кабинеттерінің мамандарыбілімін жетілдірді. Нәтижесінде кадрмен қамтылу көрсеткіші 37,5%-дан 79,1%-ға өсті.

Скринингтік тексерулер нәтижесінде облыс бойынша қатерлі ісік ауруымен 80 анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5 есеге өскен. Қатерлі ісік ауруынан І-ІІ сатысында алғаш анықталғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 24% өсіп,  55,3%  (2015ж – 44,5%, ҚР – 57,7%), қатерлі ісік ауруынан асқыну көрсеткіші 42% төмендеп, 6,8% (2015ж – 11,8%, ҚР – 11,3%), қатерлі ісік ауруларынан өлім – жітім көрсеткіші 21% төмендеп, 100 мың халыққа шаққанда 65,5 құрады (2015ж – 506 – 100 мың халыққа шаққанда 79,7, ҚР – 84,2).

Ана мен бала денсаулығы басты назарда

  11 айдың нәтижесі бойынша ана өлімі көрсеткіші  85,3% төмендеді.

Жүктілік кезінде асқынуды төмендету   ерте есепке алу көрсеткіші 63%-дан 88,4%-ға жеткізілді (ҚР 79%). Алғаш қаралуға келгенде терапевтке көріну 98% жеткізілді. 1 деңгейлі ауруханадағы дәрігерлердің арасында оперативті техниканы меңгерген мамандар 45%-дан (9) 67%-ға (19) жеткізілді.

 Облыстық перинаталдық орталыққа түсетін негізсіз күштемені төмендету мақсатында ірі  3 аудан орталығының босану бөлімдері ашылды: Арал, Жаңақорған және Қармақшы.

Облыстық перинаталды орталықта 30 төсек – орынды босанғаннан кейінгі реабилитациялық бөлімше ашылды (жергілікті бюджеттен 34,6 млн теңге қаражат).

 2016 жылдың 11 ай бойынша сәби өлім көрсеткіші 10,0% құрады және жыл басымен салыстырғанда 2,5 есе төмендеді. 

Барлық аймақтарға қосымша акушеркалар енгізу жоспарлануда,         

Барлық емханаларда жүкті әйелдерге арналған бөлек тіркеу бөлімі мен жүру маршруты бөлек «жасыл дәліз» ұйымдастырылды, жанұяны жоспарлау кабинеттері ашылды.

  Туу мекемелерінің материалды-техникалық жабдықталуы үшін, назарға алынып,  жергілікті бюджеттен 400 млн теңге (392 600,1млн) қаражат бөлінді. Облыстық перинаталдық орталықтың жабдықталуы 100%-ға жеткізілді. 

 Емханаларда 18 дені сау бала кабинеті ашылып, 0 – 5 жас жоспарланған балалардың 38933 баласы немесе 65% өткізілді. Жас аналарды 6 ай – 5 жас балаларды дұрыс тамақтандыруға үйрету мақсатында қосымша тағы да 10 Ресурсты орталықтар ашылып, 10711 жас ана оқытылды. Нәтижесі деп айтуға болады: соңғы 5 айда үй жағдайында бала өлімі тіркелмеді.

                                                                                                               Туберкулез ауруы бақылауда

Туберкулезбен аурушаңдылық және өлім - жітім көрсеткіштерінің соңғы 5 жыл көлемінде тұрақты түрде төмен болғанымен,    негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштері Республикалық деңгейде жоғары.    Туберкулезден аурушандық көрсеткіші 2015 жылдың 10 айымен салыстырғанда 6,7%-ға,  (2015 жылы – 62,3,  2016 жылы – 58,1, мақсатты  индикатор -70,6,  ҚР -54,2), өлім-жітім көрсеткіші 16,7%-ға (2015-3,6; 2016-3,0; мақсатты  индикатор – 4,0; ҚР – 3,2),төмендеді.

Алғаш рет анықталған сезгіш туберкулезбен ауыратындарды емдеп шығару көрсеткіші 86,7% (ДДҰ бойынша 85% төмен болмау керек, нысаналы көрсеткіш 85%, ҚР 87,0) құрады.

 Туберкулезбен ошағындағы барлық балалар уақытылы тексеріліп, диспансерлік есепке алынған.   Ошақтағы мектеп жасына дейінгі балалардың барлығы 100% пайыз  оқшауланған.

Туберкулез науқастарының әлеуметтік жағдайының да ем нәтижесіне ықпалы зор. Қазіргі таңда амбулаториялық деңгейде ем алатын  туберкулезге шалдыққан науқастарға берілетін Республика бойынша ең жоғары  әлеуметтік көмек Қызылорда облысында. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 133,1 млн.теңге қаржы бөлінді.

Тұрғындар сұранысы бірінші кезекте

Медициналық қызметтің сапасының сезімтал индикаторларының бірі - арыз-шағымдар. Бұл арқылы тұрғындардың медициналық қызметке қанағаттану деңгейін бақылауға болады.

Жоғарыда айтылғандай барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау қызметі құрылған.  Облыстық медицина орталығы базасында «Саll орталығы» ұйымдастырылып, халыққа қызмет етуде. 2016 жылдан бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасында қоғамдық қабылдау  ұйымдастырылды.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің мәліметіне сәйкес сала бойынша 2016 жылдың 10 айында 192 (2015-165) арыз шағым түскен. Арыз-шағымдар 12,5% (2015-19,4%) жағдайда негізді деп танылған, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35,6% төмендеген.

Денсаулық сақтау саласындаың негізгі көрсеткіштері

Атқарылған іс – шаралар нәтижесінде ағымдағы жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша мақсатты индикатор көрсеткіштеріне қол жеткізу  89,3% құрады.

Жалпы өлім көрсеткіші 2016 жылдың 10 айында 4,4 құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,2% ға азайды, мақсатты индикатор 5,7  (ҚР индикаторы-7,56).

Туберкулез бойынша аурушандық көрсеткіші 6,7% ға төмендеп 100 мың тұрғынға шаққанда 58,1- ды құрады, мақсатты индикатор 62,3 (ҚР индикатор – 63,1). Республика бойынша 3 орында (СҚО мен Ақмола облысынан кейін).

Туберкулез бойынша өлім көрсеткіші 16,7% ға төмендеп 3,0- ды құрады, мақсатты индикатор 4,0 (ҚР индикатор –4,5). Республика бойынша 4 орында (ШҚО мен Қостанай, Қарағанды облыстарынан кейін).

Қатерлі ісік бойынша өлім көрсеткіші 17,8% ға төмендеп 65,5- ды құрады, мақсатты индикатор 87,1 (ҚР индикатор –93,5). Республика бойынша 9 орында.

Қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтау көрсеткіші  24,2%-ға жақсарып 55,3 құрады, мақсатты индикатор 56,3 (ҚР индикатор –57,4).

Қан айналым жүйесі аурулары бойынша өлім көрсеткіші 11,3%-ға төмендеп 85,1-ды құрады, мақсатты индикатор 135,0 (ҚР индикатор –203,1). Республика бойынша 11 орында.

Ана өлім көрсеткіші 85,3% төмендеп 6,4 құрады, мақсатты индикатор 4,7 (ҚР индикатор –11,5). Республика бойынша 12 орында.

Сәби өлім көрсеткіші 1,0 % төмендеп 10,0 құрады, мақсатты индикатор 11,0 (ҚР индикатор –11,0). Республика бойынша 1 орында.

Жыл қорытындысы бойынша барлық 28 мақсатты индикатордың  көрсеткіштеріне қол  жеткізуу жоспарланып отыр.

Медициналық  жабдықтау –сапалы қызметтің тетігі

Атқарылған жұмыстардың нәтижесімен мекемелерді медициналық техникамен қамтамасыз етудің материалды-техникалық өсу көрсеткіші -18,7% өсіп, 64,77% құрады (2015ж– 45,19%, 2014 ж – 44,19%, ҚР – 71,55%ҚР.

Республикалық бюджеттен  4 бірлік  қымбат медициналық құрал алу жоспарланып отыр (1 ангиограф, 1 МРТ, 2 КТ – целевой текущий трансферт)

Медицина ұйымдарының материалдық – техникалық базасын жақсарту үшін 98 бірлік медициналық құрал – жабдық сатып алуға облыстық қаражаттан 662,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Жол карталарыаясында 63 бірлік - 417,9 млн. теңге. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен лизинг аясында  1 405,4 млн теңгеге құрал – жабдықтар сатылып алынады. 2017 жылы облыстық бюджеттен және республикалық бюджеттен лизинг бойынша 2 955,0 млн. теңгеге 350 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарлануда.

Қазақ
Фото новости: 
  Баспасөз  маслихаты өткізілді
Құрылған күні: 09-12-2016 19:50
Жаңартылған күні: 09-12-2016 19:50

Сұрақ қою

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика