Қызылорда облысы әкімдігінің

                2016 жылғы «_15__» _тамыз  № 552 қаулысымен  

           бекітілген  

 

 

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы»

 мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

  1. Жалпы ережелер

1. «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі - Басқарма) ведомстволық бағыныстағы аумақта медицина және денсаулық сақтау саласы қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын орындауға уәкілеттілік алған, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы болып табылады.

2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның тұрған жері:индекс 120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы,Қызылор дақаласы, Абай даңғылы,27 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарманың қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзегеа сырылады.

13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілер мен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асару құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Басқарманың миссиясы: Қызылорда облысының медицина және денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру және облыс аумағында денсаулық сақтау саласында қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

15. Негізгі міндеттері:

1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;

2) халықтың денсаулығын қорғау;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

         16. Функциялары:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;

3) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;

4) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құру туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді;

6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;

7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріханалық қоймалар құру бойынша шаралар қолданады;

8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді;

9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;

10) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

          11) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;

         12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және  оларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді;

         13) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;

         14) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардыңжәне айналадағыларға қауіп төндіретінаурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, оған қоса тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

         15) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;

         16) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

         17) уәкілетті органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;

         18) туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындауға жәрдемдеседі;

         19) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшектік саудада өткiзуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді;

         20) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша заңнамасыныңсақталуын бақылауды жүзеге асырады;

         21) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жүргізеді;

22) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізеді (инфекциялық және паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ, инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);

23) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;

24) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізеді;

         25) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

         26) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;

         27) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

         28) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функцияларын жүзеге асырады;

         29) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды және оның шығындарын өтеуді жүзеге асырады;

         30) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды:

         амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;

         стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтынтәртіппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;

         31) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады;

         32) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

         33) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

         34) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

         35) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді;

         36) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

         37) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттырудыжәне оларды қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;

         38) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

         39) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;

         40) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

         41) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

         42) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді;

         43) оралмандар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;

         44) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;

         45) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

         46) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады.

47) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған бюджет қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

48) денешынықтырумен және спортпен айналысу, сауықтыру және демалу үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

49) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;

50) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, тұрмыстық және жол-көліктік жарақаттанудың профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;

51) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;

52) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды;

53) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

54) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстардың жергілікті өкілді органы айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;

55) уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

56) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және бекіту шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;

57) тіндердің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлігінің) ерікті түрде өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

58) заңнамада көзделген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдаудыжүзеге асырады;

59) Қызылорда облысының қаржы басқармасы және Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларымен келісе отырып, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшері, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесі жергілікті атқарушы органымен белгіленеді;

60) денсаулық сақтау ұйымдарының йодталған ас тұзымен және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

61) азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

62) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің жоспарлануын қамтамасыз етеді;

63) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына ел ішінде жол жүру ақысын облыстардың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша төлейді;

64) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағызаңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

2) Басқарма:

жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруғаміндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бір інші басшы жүзеге асырады.

19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз өкілеттілігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;

         2) өз құзіреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;

3) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

         4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерiне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

         6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

11) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

13) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес он алмастыратын тұлға орындайды.

22. Басқарманың бір інші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Басқарманың жұмыс режимі:

1) Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарма әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкі

25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 26-07-2019 15:39

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика