Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы «22» қазандағы № 202 қаулысымен

бекітілген

«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер

1. Көрсетілетін қызметті берушiнің атауы: медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – тиесілі дәрігерлердің жеке дәрігерлік мөрі, басшының қолы қойылған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11304 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086/е нысаны бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама (бұдан әрі – анықтама).

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінуі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады;

2) анықтама беруші қызметкер медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелгенін растайды (он минуттан аспайды);

3) касса қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем қабылдайды, төлем жөнінде түбіртек береді және 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген бекітілген № 086/е нысан бойынша анықтама нұсқасын ұсынады, көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тіркеушіге жолдайды (он минуттан аспайды);

4) тіркеу бөлімінің қызметкері қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші дәрігердің бос уақытын, көрсетілетін қызметті беруші дәрігерлерінің кестесіне сәйкес рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және клиникалық-зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі ұсынылады (он минуттан аспайды);

5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы (дәрігерлер) қызметті алушыны тексереді, анықтамаға жазып береді, қол қойып, жеке мөрімен растайды (жұмыс күні ішінде);

6) кәсіби жарамдылығы туралы дәрігерлік қорытындыны жауапты дәрігер жазып береді, тіркеу журналында тіркейді, қол қойып, жеке мөрімен растайды, (жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарына түсушілерге және жұмысқа түсушілерге кәсіби жарамдылығы туралы қорытынды медициналық сұрыптау туралы әдістемелік нұсқаулар тізбесіне сәйкес берілді) бас дәрігерге жолданылады (жұмыс күні ішінде);

7) емдеу-профилактикалық ұйымының бас дәрігері анықтамаға қол қойып, көрсетілетін қызметті беруші жауапты қызметкеріне жолдайды (жұмыс күні ішінде);

8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері анықтаманы мемлекеттік қызметті ұсынуды тіркеу журналында тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он минуттан аспайды);

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

               7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің касса қызметкері;

3) көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу бөлімінің қызметкері;

4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы (тізімге сәйкес дәрігерлер);

5) көрсетілетін қызметті берушінің бас дәрігері;

6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.

                8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.      

                9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.


Медициналық және фармацефтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламентерін бекіту туралы

 

Қызылорда облыс әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі №161 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қазанда № 5167 болып тіркелді

 

«Денсаулық сақтау саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің регламентерін

 бекіту туралы»

Қызылорда облысының әкімдігінің 2015 жылғы  22 қазандағы №202 қаулысы нармативтік құқықтық актілерді Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 11 қарашасында №5234  тіркелді

 

Құрылған күні: 22-12-2015 15:24
Жаңартылған күні: 02-05-2018 19:40

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика