ШИЕЛІДЕГІ ШУҒА ЖАУАП БЕРДІ
Қызылордада I топ мүгедектерінің жеке көмекшілеріне жалақы қарызы жыл соңына дейін толықтай төленетін болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
«Облысымызда отыз мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Оның 3,7 пайызы I топ мүгедегі. Жыл басында Шиелі ауданындағы І топ мүгедектеріне арналған әлеуметтік көмекшілерге отыз бір миллион теңге қаржы бөлінген. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың көмекшілеріне сағатына 388 теңге төленсе, қазір ол сома 465 теңгеге жетті. Сондай-ақ, 2017 жылы олардың жалақысы 18 мың теңгені құраса, қазір 32 мың теңге. Айта кетерлігі бұл қаржы жыл басында 131 әлеуметтік көмекшіге арналса, кейін олардың саны тағы да 23 қызметкерге артқан. Сондықтан да кейбір мәселелер туындауда. Дегенмен, түрлі қаржы көздерін тарту арқылы аталған түйткілді жыл аяғына дейін шешу басты жоспарда»,- деді Талғат Дүйсебаев.
Айта кетейік, Шиелі ауданындағы жарымжан жандарға көмекші болып жүрген әлеуметтік топ 4 айдан бері жалақыларын ала алмай келе жатқанын айтып, аудан әкімдігінің алдына жиналған болатын.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика